Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дидар Кәден: Әйелімнің әдемі болып жүргені маған жақсы (фото)

Танымал актриса Лидия Каденованың ұлы, актер әрі әнші Дидар Кәден жұбайымен қалай танысқанын әңгімеледі. Ол жары Айым туралы оқырмандар жиі қоятын сауалдарға жауап берді.

17934468_1502804159737976_8600404468137197568_n

Суреттер Айым Алтынбекованың Instagram парақшасынан алынды

Гәкку арнасының Love Story бағдарламасында Дидар Айыммен Вконтакте желісінде танысқанын айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Ол шақта Дидардың «Мүмкін бе» атты жаңа бейнебаяны жарыққа шыққан. Айым Дидардың клипіне пікір білдіріп, хат жазса керек-ті. Содан бастап екі жас араласып, кейінірек кездескен.

Дидар Кәден де анасының жолын қуған актер әрі әнші болса, Айым блогер, модель әрі визажист. Айым өзгенің бетін әрлегенді ғана емес, өзі де күнделікті боянып жүргенді ұнатады. Соған қарап көпшілік небәрі 20 жастағы бойжеткеннің үлкен көрінетінін айтады. Алайда Айым жағымсыз пікірлерге мән бермейді. Бастысы, оның күнделікті образы өзіне де, күйеуіне де ұнайды.

«Қыз бала болғандықтан, бояна ма, ол жағына араласпаймын. Былай қарасам, басқалар сияқты ашық-шашық киінбейді, көп боянбайды, қыдырмайды, үйде отырады. Боянса бояна берсін, менің ештеңем кетпейді. Әйелімнің менің қасымда сұлу болып жүргені маған жақсы», – дейді Дидар.

Айта кетейік, Дидар мен Айым 2015 жылы шаңырақ көтерген. Екеуінің бүгінде Дияр есімді ұлдары бар.

айым дияр дидарулыдидар айым дияр

Жіберіп алмаңыз:

Кәмшат Жолдыбаева жаңа бейнебаянында шешініп тастады (видео)

Әнші Динара Сұлтан бір ажалдан аман қалды (видео)

Нұртас Адамбай: Бекмамбетовтың мақтауынан кейін өзімді бестік алған оқушыдай сезіндік

Авраам Руссо Жігер Ауыпбаевқа дуэт айтуға ұсыныс жасады (видео)

Талқылау