Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Диана Шарапова қырқынан шыққан сәбиінің суреттерін көрсетіп жұрттың жүрегін елжіретті (фото)

Диана Шарапова қырқынан жаңа шыққан сәбиінің суреттерін көрсетті.

16[1]

Суреттер: Comode.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қызының туғанына 25 күн толған кезде Диана Шарапова үлкен сахнаға шығып ән айтқан болатын. Енді міне қырқынан жаңа шыққан қызының суреттерін көрсетіп жатыр.

1-1(1)

5-1

“Роман екеуіміздің қызымыз Аринаның дүниеге келгеніне 40 күн толды. Жаным мен жүрегім махаббат пен нәзіктікке толы. Романың да сәбиімізге сүйсіне қарап жүргенін байқаймын. Көзіне қарап көңілінде не тұрғанын анықтай аламын. Жолдасым қызыма қорған болып, оған махаббатын бергісі келеді. Қызым менің, алғашқы айтулы мерекең құтты болсын!” – дейді Диана Шарапова.

2(179)

9(74)

Желі қолданушылары өз кезектерінде суреттерге тамсана қарағандарын жарыса жазып жатыр. “Сондай керемет сұлусыздар! Сәбиіңіз ақылды, сүйкімді болып өссін. Ата-анасына да денсаулық тіледім”, “Сүйіктілерім менің! Суреттер жүректі қарып өтті десем де болады”, “Сондай керемет жансыз! Өзіңіз бен сәбиіңізге денсаулық тіледім “, “Қызыңыз өзіңіз секілді сұлу болсын”, “Диана, қызыңыздың бауы берік болсын! Қуанышыңызға ортақпыз” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет той көйлегін көрсетіп мақтанды (фото)

Ақботаны қорғаған Ләйлә Сұлтанқызы жұрттың сынына ұшырады (фото)

Төреғали Төреәлі жанды дауыста ән айта алмай, масқара болды (видео)

Баян Мақсатқызы балаларды ұрмай, ұрыспай тәрбиелеуге шақырды

Талқылау