Диалогтан нақты іске: Астанада "Стоп Мусор" жобасының кездесуі өтті

Астанада Назарбаев университеті алаңында республикалық "Стоп Мусор" жобасы аясында Eco Talks ашық пікірталасы өтті. Кездесуде мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен эко-белсенділер қалалық ортаның тұрақты дамуы үшін қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық әдеттерді қалыптастыру және корпоративтік жауапкершіліктің маңызы жөнінде ой бөлісті.
Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы елордада қалдықтарды бөлек жинау, қайта өңдеу және экологиялық білім беру мәселелеріне арналған "Eco Talks" ашық пікірталас алаңын өткізді. Мемлекеттік орган және бизнес өкілдерінің, студенттер мен қоғам белсенділерінің басын қосқан бұл шара "Стоп Мусор" әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Бұл жоба Қазақстанда бірнеше жылдан бері "Филип Моррис Қазақстан" компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып келеді және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге және тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен кәдеге жарату мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. 2025 жылы жоба бесінші кезеңін аяқтап, еліміздің барлық өңірін қамтыды. Осы уақыт ішінде 20-ға жуық онлайн және офлайн форматтағы іс-шара өткізіліп, жалпы саны 5 миллионнан астам адам қамтылған.
Кездесу форматы еркін әрі ашық диалог түрінде өрбіді. Қатысушылар QR-сауалнамаларға қосылып, күнделікті өмірде қалдықтарды сұрыптай ма, бұл іске кірісуге не кедергі және қандай қайта өңделетін қалдық түрлері қиындық туғызатыны жөнінде пікір алмасты.
Интерактивті бөлім шағын челленджбен қорытындыланды – әрбір қонақ өзінің жеке экологиялық міндеттемесін жария етті.
Іс-шарада Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, сондай-ақ Назарбаев Университетінің өкілдері сөз сөйледі. Талқылау барысында Астанадағы қалдықтарды басқару тәсілдері таныстырылып, қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулер мен қайта өңдеу саласын дамыту мүмкіндіктері сөз болды.
Пікірталастың бөлек бір бөлігі бизнестің тұрақты шешімдер қалыптастырудағы рөліне арналды. Жобаға қатысушы компаниялар экологиялық бастамаларды қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту және саналы тұтыну мәдениетін дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі ретінде қарастырады. Мәселен, "Стоп Мусор" жобасының стратегиялық серіктесі – "Филип Моррис Қазақстан" бірнеше жылдан бері жобаның ағартушылық бағытын қолдап келеді және өндірісте тұрақты тәжірибелерді енгізуде. Табиғи газға көшу нәтижесінде шығарындылар көлемі шамамен төрттен бірге азайған. Жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр қуатын пайдалану халықаралық I-REC сертификатымен расталған. Соңғы жеті жылда CO₂ шығарындыларының көлемі 79%-ға қысқарған.
"Стоп Мусор" бастамасы компанияның тұрақты даму стратегиясымен және ESG күн тәртібімен өзара үйлесім табады. Жоба экологиялық жауапкершілікке жүйелі көзқарасты көрсетеді – өндірісті жаңғыртудан және шығарындыларды азайтудан бастап, саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыратын қоғамдық бастамаларды қолдауға дейінгі кешенді шараларды қамтиды.
"Филип Моррис Қазақстан" өндірісінде тұрақтылық қағидаттары күнделікті жұмыс үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған. Мұнда қалдықтарды бөлек жинау жүйесі енгізіліп, қайта өңдеуге жіберілетін шикізатты сұрыптау және өткізу тетігі жолға қойылған. ReUse тәсілі материалдарды қайта айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар компания ресурстарды тиімді пайдалануды жүйелі түрде оңтайландырып, өндірістік шығындарды және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтып келеді. Қызметкерлерді экологиялық тәжірибелерге тарту ішкі жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, оны біртіндеп қалыпты үрдіске айналдыруда. Компания тұрақты өндірістің тиімді бола алатынын іс жүзінде көрсетіп, салалық стандарттарға ықпал етеді әрі қалалық экологиялық бастамаларды қолдау арқылы қоғам мен қала ортасы үшін оң нәтижені күшейтеді.
2023 жылы "Филип Моррис Қазақстан" фабрикасы тәуелсіз аудиттен өтіп, су ресурстарын тиімді әрі жауапкершілікпен басқаруды растайтын Alliance for Water Stewardship (AWS) халықаралық сертификатына ие болды. Бұл стандарт мемлекеттік органдармен және серіктестермен өзара іс-қимылдан бастап, суды нақты үнемдеуге дейінгі барлық үдерістердің талапқа сай екенін айқындайды.
"Біз елімізде алғаш болып AWS сертификатынан өткенімізді мақтан тұтамыз. Бұл стандарт өндірістің барлық деңгейінде – инженерлік шешімдерден бастап қызметкерлерге арналған білім беру бастамаларына дейін – суды ұтымды пайдалану тиімділігін дәлелдейді", – деді "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС Еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Сұлтан Қадралиев.
2025 жылдың сәуір айындағы мәліметке сәйкес, әлем бойынша 336 компания осы халықаралық стандарт талаптарына сай келеді. Ал "Филип Моррис Қазақстан" – елімізде AWS сертификатына ие болған алғашқы әрі әзірге жалғыз компания. Бұл корпоративтік тұрақты даму бағытының бірегейлігін көрсетеді.
Eco Talks ұйымдастырушылары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы ашық диалогсыз мүмкін емес екенін атап өтті. Олардың пікірінше, дәл осындай әріптестік форматы талқылаудан нақты іс-қимылға көшуге жол ашады.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді