Диабетке шалдыққан Барби: Ойыншық шығаратын компания жаңа қуыршақты таныстырды
Фото: mattel.com
Ойыншық шығаратын Mattel компаниясы 1-типті қант диабетімен ауыратын алғашқы Барби қуыршағын таныстырды. Компания бұл қуыршақты қант диабетімен ауыратын балаларға өзін сенімдірек сезінуге, инклюзивті қоғам құруға және балалар арасында эмпатия тудыруға көмектеседі деген үмітпен шығарған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа қуыршақ 1-типті қант диабетімен ауыратын адамдарға қолдау көрсетумен айналысатын Breakthrough T1D халықаралық коммерциялық емес ұйыммен бірлесіп шығарылған.
"1-типті қант диабетімен ауыратын Барбидің пайда болуы – біздің инклюзия мен репрезентацияға ұмтылуымыздың маңызды қадамы. Барби балалардың әлем туралы түсініктерін ерте жастан қалыптастыруға көмектеседі. 1-типті қант диабеті сияқты жағдайларды көрсету арқылы біз көптеген балаға жақсы көретін қуыршақтар мен хикаялардан өзін тануға мүмкіндік береміз", – дейді Barbie брендінің жаһандық басшысы Криста Бергер.
1-типті қант диабеті – ағзадағы инсулиннің жеткіліксіздігімен сипатталатын созылмалы ауру. Ол әдетте ерте жаста, жасөспірімдік шақта дамиды, көп жағдайда ауру 40 жасқа дейін білінеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
