Ди Каприо және ресейлік олигарх модель қыздармен бірге көңіл көтерді (фото)
53 жастағы ресейлік олигарх Владислав Доронин Ибица жағалауындағы жеке яхтасында өзінің досы, танымал актер Леонардо Ди Каприоны қонақ етіп көңіл көтерді.
Бұл туралы Life.ru хабарлайды.
Ди Каприо бұл көңілді кешке жалғыз келмепті.
Ол өзімен біге “Өрмекші-адам” Тоби Магуйар, сүйіктісі Нина Агдал және бірнеше ұзын бойлы сұлуларды ерте келіпті.
Ал Дорониннің қасында 23 жастағы сүйіктісі Кристина Романова және бір жарым жастағы ұлдары еріп жүрген.
41 жастағы Ди Каприо бір жыл бұрынғы келбетіне қарағанда жасара түскендей.
Былтырғы жазда шипажайда жүрген кезінде семіз қарыны мен ретсіз өскен сақалынан оны танудың өзі қиын болатын. Ал Дорониннің яхтасында ол әсіресе, сүйіктісі ретінде еріп келген Нина Агдалға көп көңіл бөлген.
Талқылау