Дэвис кубогына дайынбыз – Диас Досқараев

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Диас Досқараев 6-7 ақпанда Астанада Монакомен өтетін Дэвис кубогы матчына дайындық туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Барлық теннисші де кәсіпқой, сондықтан олар алға қойған міндетті жақсы түсініп отыр. Біз өз алаңымызда ойнаймыз, сол себепті жанкүйерлер, әсіресе, Аустралиядағы спортшыларымыздың табысынан кейін жоғары нәтиже күтеді. Әрине, бұл қосымша қысым болмақ. Дегенмен жігіттер мұны спорттың бір бөлігі деп қарайды. Бұдан өту үшін күш-қуатты дұрыс бағытқа жұмсай білу керек”, – деді Диас Досқараев.
Монако құрамасының капитаны Гийом Куйяр қазақстандық команданың фаворит екенін жақсы түсінетінін жеткізді.
“Ауа райы мен кортқа бейімделу үшін Астанаға ертерек келдік. Қазақстан құрамасының барлық мүшесі тәжірибелі ойыншылардан жасақталған. Бізге жеңіс үшін ойнау қажет. Теннисшілерім не істеу керегін біледі. Қазақстан командасының барлық ойыншысымен жақсы таныспыз. Сондықтан командалық әлем чемпионатының келесі кезеңіне өту үшін ең жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз”, – деді Гийом Куйяр.
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.
Lexus. Experience Amazing
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен