Депутатты қорқор-кальян шегуге тыйым салуды елемегені ашуландырды
Қазақстанда заңды түрде қоғамдық жерлерде қорқор-кальян шегуге тыйым салынбақшы. Қорқор-кальян шегушілер заңды түрде жауапкершілікке тартылмақшы.
Бүгінгі толық мәжіліс отырысында депутат Ақан Бижанов қорқор-кальян шегуге тыйым салуды ұсынды.
“Сұрастыру барысында қазақстандықтардың көпшілігі қоғамдық жерлерде қорқор-кальян шегуге тыйым салуға келісетіндігі анықталды. Осыған негізделе отырып, ҚР заңнамасына өзгерту енгізуді сұраймыз. Әсіресе, қоғамдық жерлерде қорқор-кальян шегуге тыйым салу керек. Және заңды бұзғаны үшін заңды түрде жауапкершілікке тартылуы тиіс”,- деді депутат Ақан Бижанов.
Айтуынша, қорқор-кальян шегіге көп елдерде тыйым салынған. Мәселен, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігі, Германия, Австрия және т.б. елдер. Айып пұл 1-10 мың евроға дейін салынады екен. Ал бүгінде Қазақстанда қорқор-кальян шегуге тек ҚР Бас санитар дәрігері ғана тыйым салған. Қазақстанның Бас прокуратурасы осы бойынша заңды шаралар қабылдауда.
Қорқор-кальян шылымның баламасы болса да, денсаулыққа тигізетін зияны өте зор. Шетелдік мамандардың мәліметінше, қорқордың бір порциясы 100 шақты шегілген темекіге тең екен. Қорқордың оттығы жанған сайын миға көмірқышқыл газы жіберіледі. Ол дегеніміз оттегінің жетіспеушілігіне соқтырады. Бұл миға, жүрекке, бауыр мен бүйрекке зиянды. Қорқор-кальянның сұйығы мен түтінінде адам өміріне қауіпті бактериялар табылды. Ол адам бойындағы туберкулезді, жүрек қан тамырларының ауруын, өкпе қатерлі ісігін, ауыз қуысындағы жұқпалы ауруларды қоздырады.