Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Залал 35 миллиард теңге: Депутаттардың өтінішінен соң СҚ-Фармацияға қатысты тергеу басталды

фармацяи

Фото: sk-pharmacy.kz

Мәжіліс депутаттары Базарбек пен Мұрат Әбеновтің өтініші бойынша Бас прокуратура "СҚ-Фармация" және фармацевтикалық компанияларды тергеуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас прокуратура "СҚ-Фармацияның" мемлекетке 35,8 миллиард теңге залал келтіргені туралы сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Дәрі-дәрмекті сатып алу кезінде осындай шығын келтірген дейді.

“Одан бөлек “Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы” 166,4 миллион теңгеге дәрілік заттар бойынша жалған зерттеу өткізгені, нақты алынбаған жабдық үшін негізсіз 36,7 миллион теңгені игеруі, “ҚазМедПром” медициналық қолғаптарды қымбат бағада сатып, 5,3 миллиард теңге шығын келтіргені анықталды”, – делінген хабарламада.

ҚазМедПром мен СҚ-Фармация ісі қаржы мониторингі агенттігіне жолданды. Ал Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының жағдайы бойынша тексеру тағайындау үшін Алматы прокурасына тапсырма жолданды.

Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек маусым айының басынан бері "СҚ-Фармация" мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі заңбұзушылықтарға назар аударып келе жатқанын жаздық. Ол фармацевтикалық саладағы тексерістерден кейін анықталған фактілер негізінде бірқатар құқық қорғау органдарына арыз түсіру бастамасын көтерді.

Кейін депутаттар бас прокуратурадан тексеріс пен жауаптыларды қамауға алуды талап еткен еді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 15:42
Талқылау