Депутаттар Рамиль Мухоряповты “ұлтаралық араздық туғызды” деп жауапқа тартуды сұрайды
Мәжіліс депутаттары қазақ тіліне қатысты пікір айтқан кәсіпкерді "Ұлтаралық араздықты қоздыру" қылмыстық бабы бойынша жауапқа тартуды сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураға жүгінген депутаттардың сөзінше, кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың сөзі тәуелсіздікке, ұлттық мүддеге, ел тыныштығына нұқсан келтіреді. Және бұл сөздерді олар "ұлтаралық араздықты қоздыру" (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) деп есептейді.
- "Қазақтың ақшасын жақсы көретіндер қазақ тілін де жақсы көрсін": Қоғам белсенділері Chocolife сервисіне бойкот жариялауды ұсынды
- “Кешірім сұраған видеоларынан шынайылықты көрмедім”: Қазақстандық белсенді Chocolife компаниясының директорын жауапқа тартуды талап етті
- "Енді бұлардың басымызға отыруы қалды": Депутат Chocolife басшысының үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті
Хат әлеуметтік желіде жарияланды. Оған қазірдің өзінде 20 депутат қол қойып үлгерген.
Chocofamily негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов Қазақстанға келген орыстардың арасында тренинг жүргізген. Сондай кездесулердің бірінде кәсіпкер қазақ тілі туралы даулы мәлімдеме жасайды. Оның бұл сөздері қазақстандықтардың ашу-ызасына тиіп, наразылығын туғызды. Кейіннен Мухоряпов кешірім сұраған видеосын жариялады.
Талқылау
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған