Депутат Түркістан және Жамбыл облыстарының елге масыл болып отырғанын айтты

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстанның оңтүстік өңірлері, атап айтқанда Жамбыл және Түркістан облыстары елге масыл боп отыр деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы депуат мәжіліс кулуарында журналистерге берген жауабында айтты. Депутаттың айтуынша, елде бірнеше ғана донор өңір бар.
“Бұл баршаға анық, оңтүстік өңірлер – Жамбыл және Түркістан облыстары ел есебінен өмір сүріп отыр. Негізінде, бүкіл оңтүстік масыл күйде. Біздегі донор өңірлер Атырау облысы мен Алматы қаласы ғана. Үш-төрт өңір бар. Қалғандары – масыл. Ал халықтың тығыздығы шешуші рөл атқармайды. Бұған Павлодар облысы мен Атырау айқын мысал”, – деп мәлімдеді Құспан.
Тоқаев Қазақстанда жеңілдіктің тым көп екенін айтты – "Жалқаулық пен масылдыққа жол береміз"
Депутаттың айтуынша, іске асырылып жатқан жобалардың арқасында Павлодар облысының дотацияға тәуелді өңірлер қатарынан шығуға әлеуеті бар.
“Павлодар облысының донор өңірге айналуға үлкен мүмкіндігі бар. Жасалып жобалар нәтижесін беріп келеді”, – дейді депутат.
Еске салсақ, бұған дейін депутат Абзал Құспан Қазақстанда екінші әйел алуды заңдастыру керегін айтып, басы дауға қалған еді.