Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын минус 5 балға бағалап, сынап тастады

Мәжіліс отырысында еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов министрліктің қазіргі қызметі мен даму жоспарлары туралы презентация жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: mazhilis.parlam.kz/ТЖМ

Талқылау барысында депутат Ажар Сағындықова Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын сынап тастады. 

“Біз барлық мемлекеттік органның әр іс-әрекетіне баға береміз. Бүгін мен сіздің министрліктің жұмысын әдеттегідей, 0-ден 5 балға дейін емес, минус 5 балға бағалаймын. Өйткені өрт кезінде адамдар, құтқарушылар мерт болып жатыр. Демек министрлік мүлдем жұмыс істемейді деген сөз. Сіздердің міндеттеріңіз – адамның өмірін қауіп-қатерден сақтау”, – деді депутат.

Алайда Шыңғыс Әрінов шешімін таппаған мәселелерге қарамастан, ведомство қызметкерлері жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты.

“Минус 5 балды қабылдаймыз. Бірақ мені айтпағанда, вице-министрден бастап қатардағы қызметкерлер мен әскери қызметкерлер күндіз-түні өз міндеттерін толық орындап жүр деп ойлаймын. Көптеген қиындықтарға қарамастан біз нәтижелі жұмыс істеп жатырмыз және оны жасырмаймыз. Ол туралы ашық айтамыз. Бұл адал қызмет етіп жүрген жігіттердің, құтқарушылардың жеңісі деп ойлаймын. Сондықтан мереке қарсаңында мұндай баға оларға ұнай қоймасы анық”, – дейді Төтенше жағдайлар министрі.

Талқылау