Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Депутат: Қазақстандық кәсіпкерлер көпбалалы отбасыларға үй алып беруі керек
Еліміздегі қалталы азаматтар көпбалалы аналарға баспана алып берсін. Бүгін сенат депутаттары осылай деп, қазақстандық кәсіпкерлерді баспанасыз жүрген көпбалалы отбасыларға жәрдемдесуге шақырды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

«Әсіресе, мол пайда тауып отырған құрылыс компаниялары көмектесуі керек. Яғни, олар өздері салып жатқан тұрғын үйден көпбалалы аналарға пәтер берсін. Мемлекетіміздің әр аймағында осы шаруаны қолға алуымыз қажет», – дейді сенат депутаты Бірғаным Әйтімова.
Дей тұрғанмен отандық кәсіпкерлер депуттардың бұл ұсынысын қолдай ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Көпбалалы отбасыларға баспана беретін мемлекеттік бағдарлама әзірленеді деген үкіметтің өзі үй салуға қажетті қаржыны әлі таба алмай отыр.
Бүгінде елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы жанұяларға арналған тұрғын үй тұрғызу қарастырылып жатыр. Осы мәселеге қатысты нақты шешім екі аптадан кейін қабылданады.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты