"Халық көтере алмайды": Депутат Қазақстандағы тарифтердің өсуіне тыйым салу мерзімін ұзартуды сұрады

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек кулуарда Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілуіне мораторийді ұзарту қажет екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бақытжан Базарбек бүгіннен бастап Қазақстанда коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай тарифтеріне қатысты мораторийдің күші жойылғанын айтты. Депутат тариф бағасының күрт өсіп кетпейді деп үміттенеттінін және мораторий алынғаннан кейін уәкілетті орган әрекет жоспарын ұсынады деп сенетінін жеткізді.
“Тарифтер бұрынмен салыстырғанда өте қатты көтерілген, халықтың, адамдардың қалтасы көтермейді. Тарифтер өте жоғары, ал табыс деңгейі оған жетпейді. Сондықтан біз қарапайым азаматтардың жағдайын ескеруіміз керек – халық оны көтере ала ма? Менің ойымша, үкімет те дәл осы санат бойынша ойлайды”, – деді депутат.
- "Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
- Мораторий аяқталады: Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері маусым айында көтерілмек
Базарбек мораторийді созуды қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жақын арада тарифтерді көтеру туралы мәселе мүлде көтерілмеу керек.
Бұған дейін 1 cәуірден бастап мораторий күшін жойғанын жазған едік.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін енгізілген еді. Ол кезеңде тарифтер уақытша тоқтатылып, монополистердің инвестициялық міндеттемелері тексерілді. Саладағы инфрақұрылымның тозуы 50%-дан асқандықтан, тарифтерді қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Мораторий аяқталғанымен, өтінімдерді қарау мерзіміне байланысты тарифтер ең ерте маусым айында өзгеруі мүмкін.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді