Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат халықтың шекаралас аймақтағы ауылдардан үдере көшуі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін мәлімдеді

Сенат депутаты Серік Шайдаров шекаралас аймақта халық санының аз болуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Серік Шайдаровтың сөзінше, қазіргі уақытта Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарынан азаматтар үдере көшіп жатыр. 

"Бұл түптеп келгенде аймақтар арасындағы әлеуметтік және экономикалық теңсіздікке ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Әсіресе шекаралас аймақтардағы елді мекендерде халық аз қоныстанса", – деді ол. 

Сенатор 2010-2020 жылдар аралығында Ақтөбе облысы, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларына көптеп көшкен. Қазір бұл аймақтарда жалпы халықтың 36%-ы тұрады екен. 

"Инфрақұрылымның тозуы мен жұмыс орнының жоқтығы аймақтардағы миграциялық процесті жеделдететінін түсіну керек. Сондықтан алдағы уақытта аймақтарда жұмыс орындарын ашу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту орталық және жергілікті биліктің басты міндетіне айналуы қажет", – деп қосты сенатор. 

Талқылау