Депутат Бапи Болат Назарбаевтың ұлына қатысты істі қайта қарауды талап етті
Фото: t.me/mazhilis_kz
Депутат Ермұрат Бапи Болат Назарбаевтың ұлы Нұрболдың корпоративтік рейдерлік әрекеті туралы айтып, оған қатысты қылмыстық істі қайта қарауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, оған зардап шеккен азаматтардан көптеген шағымдар түскен. Бұған дейін ол Бас прокуратураға кәсіпкерлік нысандары мен жер телімдерін басып алуға қатысты сауал жолдаған екен.
“Алматы облысы, Қарасай ауданы, бұрынғы Каменское мал асылдандыру зауыты жұмысшыларының атынан келіп түскен өтінішті мен үш рет депутаттық сауал ретінде жолдағаным осында отырған әріптестерімнің есінде болар. "Мықтының арты диірмен тартады" дегендей, ағасын арқаланған Нұрбол Назарбаев бүкіл бір кеңшар жұмысшыларының жекешелендіруге берілген 9 мың гектардан астам жер үлесін тартып алғаны жөніндегі менің депутаттық сауалым Бас прокурордың алдында да сөз болған еді. Бірақ одан әділетке лайық нәтиже болмады”, – деді депутат.
Бурабайда Назарбаевтар әулетіне тиесілі элиталық жер телімдері анықталды
Назарбаев 270 миллиард теңгеге Франциядан вилла сатып алмақ болған
Ермұрат Бапи жақында Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласқанын мәлімдеді. Ол депутатқа корпоративтік рейдтен кейін бизнесінен айырылғанын айтыпты. ртаменті қылмыстық іс қозғап, екі жылдан кейін "дәлелдердің жоқтығынан" жауып тастаған.
"Өтініш берушінің талабы бойынша 2022 жылы Алматы қаласының прокуратурасы мен экономикалық тергеп-тексеру департаменті оның мүлкін, "PORUS" ЖШС-дегі үлесін рейдерлік басып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған екен. Бірақ белгілі себептерге байланысты, мен ол кезде рейдерлік басып алу Нұрбол Назарбаевтың нұсқауы бойынша жасалды деп айта алмадым" дейді. Бірақ арада екі жыл өткенде Алматы қаласының прокуратурасы қозғалған қылмыстық істі "қылмыс құрамының болмауына байланысты" деген желеумен тоқтатықан. Себебі айтпасада да түсінікті, прокуратура Назарбаевтардың дегенін орындаған. Қазір арызданушы корпоративтік рейд Нұрбол Назарбаевтың бұйрығымен жасалғанын тікелей айтып отыр", – деді депутат.
Мәжіліс депутаты Бас прокурорға сауал жолдап, тергеуді қайта бастауды талап етті.
“Мен ғана емес, Нұрбол Назарбаев сияқтылардың озбырлығынан зардап шеккен жұртшылықты хабардар етуіңізді сұраймын. Заңсыздықтан зардап шеккен азаматтарды қорғайық, Бас прокурор мырза”, – деді депутат.
Еске салсақ, осыған дейін Болат Назарбаевтың ұлына қарсы Бас прокуратура шағым түсіргенін жазғанбыз. Кейін депутат Ринат Зайытов бас прокурорға сауал жолдап, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың мүлкін тексеруді талап еткен еді.

"443 мың теңге айыппұл”: Қазақстандықтар екі-үш жерде 12 сағаттан көп жұмыс істесе қандай жауапкершілікке тартылады
