Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депозит ашудан үйлі болуға дейін: Отбасы банктен тиімді шартпен баспаналы болғысы келетіндерге арналған лайфхактар

отбасы

Үйлі болу жүйелі жоспар мен нақты мақсатты қажет етеді. Нөлден бастап ақша жинап, бірнеше жылда-ақ тиімді шартпен баспаналы болған жандар көп. Олардың ұстанымы мен қаржылық ережелері өзгелерге де үлгі болары анық. Сондықтан Stan.kz пәтер алуға септігін тигізер 6 қадамды назарыңызға ұсынады.

Мадина 25 жаста, ол 18 миллион теңгеге үй алғысы келеді. Мақсатына жету үшін оған алдымен депозит ашып, біз ұсынған бірнеше ережені ұстанса болғаны.

Депозит ашып, ақша жинауды бастау

Мадинаның баспаналы болу жолындағы бірінші қадамы – депозит ашу. Отбасы банкінде депозитті неғұрлым ерте ашса, ипотека рәсімдегенде пайыздық мөлшерлемесі соғұрлым азаяды. Банкте депозит ашудың бірнеше жолы бар:

– Сайттағы бейнеқоңырау арқылы (тек бір қоңырау, сізге керегі камерасы бар ноутбук не смартфон);

– Otbasybank мобильді қосымшасы арқылы (мобильді қосымшаны жүктеп, бірнеше қарапайым әрекетті жасау керек);

– Банктің кеңсесінде.

Мадинаға депозиттегі келісімшарт сомасын үйдің бағасымен бірдей етіп қою керек

Мадина 18 миллионның үйін алғысы келеді. Сондықтан оған депозиттің келісімшарт сомасын да 18 миллион теңге деп белгілеген жөн. Бұл бағалау көрсеткішінің дұрыс өсуіне әсер етеді. Егер Мадина келісімшарт сомасын 3 миллион деп көрсетсе, шотта 1,5 миллион жиналса да, бағалау көрсеткіші 16-ға жетеді. Бірақ Мадина 1,5 миллион теңгеге үй ала алмайды. Осы себепті келісімшарттағы сома үйдің бағасына тең болуы қажет.

Бағалау көрсеткішін 16-ға жеткізу үшін Мадинаға не істеу керек?

Бағалау көрсеткішіОтбасы банктегі қаржылық тәртіптің көрсеткіші. Депозит мерзімі 3 жылға, ал БК 16-ға жеткенде 5%-дық (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) ипотека рәсімдеуге болады. Бұл үшін Мадинаға үш жылда 18 миллион теңгенің жартысын жинауы керек, яғни 9 миллион теңге. Ал қалған 9 миллион теңгені 5% мөлшерлемемен Отбасы банк береді.

отбасы

Мадина қарапайым математикаға жүгінеді. 36 айда 9 миллион теңгені жинау үшін ай сайын тұрақты түрде 250 мың теңгеден депозитке салуы қажет. Егер салым бұл сомадан аз болса, БК өспей қалуы мүмкін.

Бұл ережені ұстанса, Мадина 1 жылда 3 миллион теңге, 3 жылда 9 миллион теңгені жинай алады.

Бағалау көрсеткішінің өсуіне банктің беретін 2% cыйақысы да әсер етеді. Бұл сізге аз болып көрінуі мүмкін. Алайда мемлекеттің беретін тағы 20% көлеміндегі сыйлықақысы бар. Бірақ бұл туралы кейінірек айтамыз.

отбасы

Егер банк бір жылда 2% сыйақы берсе, демек ай сайын 0,167% көлемінде сыйақы түседі. Мысалы, шотта осы айда 500 мың теңге бар делік, демек сізге банктің беретін сыйақысы 835 теңге болады. Мадина сыйақыны тұрақты алып отырса, бағалау көрсеткіші тұрақты өсіп, жоспарлаған 36 айда 16-ға жетеді.  

Есте сақтаңыз, егер депозитке салымды мерзімінен бұрын салса, БК тез өседі. Егер шот уақытылы толтырылмаса, бағалау көрсеткіші төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан салымшылар Отбасы банкте автоаударым сервисін қосқаны жөн. Жалақы картаңызға түскенде, белгіленген сома бірден депозитіңізге аударылады.

Мадинаның келесі мақсаты – мемлекеттік сыйлықақы алу

Отбасы банкінің ең үлкен артықшылығы – жыл сайын берілетін 20% дейінгі мемлекеттік сыйлықақы.

Ол үшін Мадина депозитте бір жылда 200 АЕК (2026 жыл үшін 865 мың теңге) жинауы керек. Сонда бұл соманың 20% немесе 173 мың теңге мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы түседі. Әдетте мемлекеттік сыйлықақы келесі жылдың ақпан не наурыз айында аударылады. Егер ақшаны депозиттен 3 жылға жетпей шешіп алса, онда банк мемлекеттік сыйлықаны алып қалып, тек жинаған қаржыңыз бен банктің сыйақысын ғана береді.

Айта кетері, Мадина депозитіне бір жылда 3 миллион теңге жинаса да, оған жыл соңында 200 АЕК-тің 20% көлемінде мемлекеттік сыйлықақы түседі. 

Мадина аталған кеңестерді орындап, уақытылы депозитін толықтырып жүрсе, 3 жылда пәтерінің кілтін ала алады. Несие 5 жылға рәсімделсе, артық төлем небәрі 1,2 миллион теңге болады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Желтоқсан, 2025 10:33