Депортациядан қорыққан ана екі ұлын суға батырып жіберді
30 жастағы әйел өзінің екі ұлын өлтіргені үшін айыпталып отыр.
Бұл туралы The Sun басылымы хабарлайды.
Либериялық Кула Пелима өзінің екі ұлын өлтіргені үшін бірінші дәрежелі қылмыскер ретінде айыпталып отыр. Қайғылы оқиғадан бірнеше сағат бұрын 30 жастағы әйел полицияға хабарласып, өзінің депортациялануы мүмкін екенін анықтаған.
1997 жылдан бері АҚШ-та заңды түрде тұрып жатқан әйел полицияға екінші рет хабарласқан. Әйел өзінің екі баланы суға батырып жібергенін айтқан. “Кула – либериялық иммигрант. Аталған елге ол 1997 жылы көшіп келген. 6 қазан күні жігіті иммиграция мәселесіне қатысты құқық қорғаушыларға ұсталған екен”, – дейді полиция басшысы.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, әйел өзінің қылмысы туралы еш қобалжымай хабарлаған. Мұнымен қатар, пәтерде газ қосылып қалған екен. Десе де, оның қаншалықты әдейі жасалғаны белгісіз.
Жіберіп алмаңыз:
Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген әйел абақтыда асылып қалды
Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, аяз болады
Британиялық әйел қатерлі ісікті жеңгенін тойлап жатып қайтыс болды
Оралдық жігіт шымкенттік науқас қызға бір бүйрегін беріп, өмірін арашалап қалды