Денсаулық пен балалар: Қазақтар басты құндылықтары жайлы айтты
“Нұр Отан” қоғамдық саяси институтының зерттеуі бойынша қазақстандықтар денсаулықтың ең маңызды құндылық екенін айтты.
Қызықты деректерді саясаттанушы Нұрбек Саясат айтып берді.
“Қазақстандықтар үшін ең маңызды құндылық не деген сұрақ мені жиі мазалайтын. Сондықтан зерттеп көрдім. «World Values Survey Association» директоры Рональд Инглхарт 1981 жылдан бері әлемнің 100 елінде зерттеу жүргізген. Европалықтар үшін денсаулық, қауіпсіздік пен тоқшылық бірінші кезекте”, – дейді Нұрбек Саясат.
Зерттеуге Алматы мен Астанадан, Қазақстанның 14 аймағынан жасы 18-ден асқан 1600 адам қатысты.
2014-2016 жылдарға жүргізілген зерттеу қазақстандықтар үшін ең маңызды құндылық санатында: денсаулық (75,3%), балалар (54,2%), қауіпсіздік (44,7%), баршылық (40,9%) пен махаббат (40,9%).
Тізім соңында өзін өзі дамыту (10%), Отанға қызмет ету (10,8%), патриотизм (12,7%), адам құқығы (14,7%) мен бостандықты бағалау (14,8%) құндылықтары айтылды.
Қазақстандықтардың көбі (79,5%) отбасының мәдени әрі рухани құндылық екенін айтты. Бұл пікірді әрбір бесінші азаматтан естуге болады. Елдің 91%-ы үлкендерге құрмет көрсетуді жөн санады.
Тағы да оқыңыз:
Ата-анасы күштеп күйеуге бермек болған қырғыз қызы жындыханаға түсті
Анна Седокованың қазақстандық әншіден бала босанып алғаны рас па?
Ақмола облысында көліктің дөңгелегі жарылып, баласы мен анасы көз жұмды
Ақтөбе облысындағы мешіт Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың суретін таратқан (фото)