Әлішер Кәрімов аурудың салдарынан сахнаға шығудан бас тартты
Әлішер Кәрімов науқастанып қалды. Әншінің тізе сіңірі үзіліп кеткен. Осы себепті Кәрімов бұл жылы сахнаға шықпайтын болды.
«Кешегі концертте аяғымды баса алмай қалдым. Бүгін дәрігерлер өнер көрсетуді жаңа жылға дейін тоқтатуға кеңес берді, тізе сіңірі үзіліп кетіпті… Енді барлығын келесі жылы бастайтын болдым. Байқауға қатысқан барлықтарыңыздан кешірім сұраймын! Жаңа жылдағы жаңа концерттерде кездескенше, кымбаттыларым!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Кәрімов Қазақстанның барлық аймақтарында концерт беруді жоспарлап, көшпенді турнеге шыққан еді.
Жіберіп алмаңыз:
БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді
БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов: Мен арақ ішемін және былапыт сөздер айтамын
Серік Ибрагимовтің әулеті дүркіретіп той тойлады (фото, видео)
Талқылау