Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағының артығын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салмақ

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын емделуге пайдалану ережелерін өзгерту үшін жаңа ұсыныстар дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл құжат біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтерді қайта қарау мақсатында дайындалған.
Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мақсатсыз пайдалану жағдайлары анықталғандықтан, тіс емдеу қызметтеріне (тіс протездеу, имплантация) біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібін алып тастау көзделіп отыр.
-
Тұмауға қарсы вакцина кешігіп салынады: Денсаулық сақтау министрлігі себептерін атады
-
Қазақстанда төлемді бір күн кешіктірген тұтынушыға жаңа несие берілмейді
Құжат "Ашық НҚА" порталында 30 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауға шығарылған.
Еске салсақ, Атырауда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тіс емдеуге деп 200 миллиард теңге ұрлаған топ ұсталған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"