Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2700-ден астам адам қақтығыстар кезінде зардап шеккен

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмғандар мен зардап шеккендер туралы соңғы деректерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Өңірлердің денсаулық сақтау басқарламарының шұғыл деректері бойынша, Төтенше жағдай режимі енгізілген кезден бастап, жалпы елдегі террористік актілердің салдарынан 2 739 зардап шегуші медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі таңда 200 адам стационарлық ем алып жатыр. Адамдар жазылып шығып, әрі қарай амбулаторлық емделуге бағытталуда", -деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның мәліметі бойынша, қазір реанимациялық бөлімшелерде ауыр жағдайда жатқан 14 науқас бар.

"Оның ішінде төртеуі Алматыда, біреуі Алматы облысында, бесеуі Қызылорда облысында.

Медициналық ұйымдарда көз жұмғандарға келсек, бүгінгі таңда 177 науқас қайтыс болды. Соңғы 3 күнде реанимацияда жатқан 2 науқастың жағдайы нашарлап, көз жұмды. Біздегі дерек бойынша, митингіге қатысушы 1 жүкті әйел зардап шегіп, Талғар аудандық орталық ауруханасына түскен. Оны дәрігерлер құтқарып қалған. Алматыда 5 және 12 жастағы 2 бала қайтыс болды деген мәлімет бар", - деді Ажар Ғиният.

Талқылау