Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ауруханалар мен емханалар үш жыл бойы тексерілмеген: Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды тексеру жүргізуді бастады

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдарды жоспарлы тексеру қайта басталғанын мәлімдеді. 2026 жылы бекітілген кестеге сәйкес 118 мемлекеттік және жекеменшік клиникалар мен ауруханалар тексеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тексерушілер білікті мамандардың болуына, заманауи жабдықтарға және нысандардың нормативтік талаптарға сәйкес келуіне ерекше назар аударады. Жылдың бірінші жартысында 57 ұйым алдын ала жергілікті тексерулерден өтпек. 


Мыңдаған жалған науқас пен қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсетілген: Ауқымды заңбұзушылықтардан кейін медициналық сақтандыру қоры қаржы министрлігінің қарамағына берілді


Депутат медициналық білімі жоқ блогерлердің денсаулыққа қатысы бар өнімдерді жарналамауына тыйым салуды ұсынды


Тексерулер бұзушылықтардың алдын алу, медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және пациенттердің құқығын қорғау мақсатында жүргізіледі. Барлық іс-шара объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтап, заң шеңберінде қатаң жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша медициналық қызметтің сапасын бір деңгейде ұстау үшін бақылауды күшейтіп жатыр. Соның бір бөлігі ретінде тексерулер қайта басталмақ. Ал соңғы жоспарлы тексерулер 2023 жылы өткен.

Айта кетейік, бұған дейін Сенатор Қазақстанда жүргізушілерді медициналық тексеру жүйесін реформалауды ұсынғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 12:10