Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы тұмау мен ЖРВИ бойынша жағдай қашан жақсаратынын айтты

Фото: depositphotos.com
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елдегі тұмау мен ЖРВИ бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайдың қашан жақсаратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмарал Әлназарова елде Гонконг тұмауының таралып жатқанын мәлімдеді.
“Бұл вирус 2001 жылдан бері Қазақстанда бар. Бүгінде ЖРВИ мен тұмаудың таралуына да осы вирус себеп болып отыр. Жасы кішілер мен, егде жастағылары кез келген вирустық инфекцияны ауыр өткереді. Осы және алдағы апталарда жылы ауа райы сақталмақ. Сәйкесінше желтоқсанның ортасына дейін вирус таралуы жалғасады. Сондықтан адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу, қолды жуу, бөлмелерді желдету, мүмкін болса, маска тағу қажет. Бүгінгі таңда халыққа бетперде тағу міндеттелмейді. Бірақ медициналық қызметкерлер үшін бетперде тағу міндетті”, – деді министр.
Министрдің мәліметінше, індеттің деңгейі ауа райы салқындаған кезде төмендейді.
“Тұмаудың таралуын тоқтату үшін кем дегенде екі–үш апта ауа температурасы төмен болуы қажет. Биылғы жылы тұмау маусымы өткен жылға қарағанда 3–4 апта ерте басталды. Байқағандарыңыздай күн әлі жылы. Бұл тұмау мен ЖРВИ-дің ерте өршуі сияқты қосымша қиындықтар әкеледі”, – деп қосты министр.
Министрдің айтуынша, балалар арасындағы, әсіресе мектеп оқушылары арасындағы індет деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылдануда.
“Бүгінгі таңда 11 өңірде мектептерде белгілі бір шектеу режимі енгізіліп, шамамен 220 сынып қашықтан оқытуға көшірілді. Негізінен бұл бастауыш сынып оқушылары – 1-ден 5-сыныпқа дейін”, – деп қорытындылады Әлназарова.
Еске салсақ, осыған дейін дәрігерлер Қазақстанда ЖРВИ мен "Гонконг тұмауының" маусымы басталғанын хабарлаған.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған