Денсаулық сақтау министрі ауылда медициналық нысандар салуға 100 миллиард теңге сұрады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылда медициналық нысандарды салуға қажет шығындар туралы ақпарат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Әкімдіктер конкурстар өткізіп, нысандарды салуға 109 шарт жасасты, оның ішінде 99 нысанды әкімдіктермен бірлесіп қаржыландыру (10%) жоспарланған, ал 58 объекті республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
“Жалпы, 2024 жылы 498 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанын салуға 99,6 млрд теңге қосымша қаржы қажет”, - деді министр.
Ұлттық жоба аясында 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат жоғары мамандандырылған жабдықпен қайта жабдықтауға арналған. 2024-2025 жылдары 23,1 млрд теңгеге 9 ангиограф, 17 МРТ, 6 КТ сатып алу жоспарланып отыр.
Ақмарал Әлназарова бұл қаражат медицина нысандарын жоғары деңгейдегі арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі кей санаттағы қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемейді, орнына әкімдік аударып отыратынын айтып, егжей-тегжейлі түсіндіріп берген еді.