"Өзім үшін, денсаулығым үшін": Әсел Сәдуақасова неліктен шетелге қоныс аударғанын түсіндірді

Белгілі актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова неліктен Қазақстаннан көшіп кеткенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі алдымен Қазақстанда тұру оған өте қатты ұнайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанда, оның ішінде Алматыда оның танысы көп, жаңа ұсыныстар жиі түседі, оны жақсы көреді. Алайда мұндай жағдай адамды жайлы зонаға түсіріп жібереді, дейді актриса.
“Маған осылай Балиде біршама уақыт тұрған ұнайды. Біріншіден, мен 10 сыныптан бастап тынбай еңбек еттім. Менің өмірім дейін мен кейінге бөлінді және мен осылай 17 жыл бойы өмір сүріппін. Мен адам ағзасы үшін стресс. Танымал адам болған өте жақсы, бірақ кез келген дүниенің екі жағы бар демекші. Ал теріс жағы, біздің жүйкеміз үнемі жұқарып жүреді, егер оны уақытылы байқамасаң, денсаулығың нашарлап, психикаға теріс әсер етуі мүмкін. Мен Балиге көші туралы шешімді кенеттен қабылдадым және бұл өмірімдегі ең дұрыс шешімнің бірі болғанын түсінемін”, – деді ол.
Актриса шығармашылық демалыс үшін Балиді таңдағанына өте қатты қуанатынын айтты. Оның сөзінше, Бали ауыл сияқты, мұнда бәрі қарапайым жолмен шешіледі. Ол бойындағы ауыртпалықтың бәрінен осындай тыныш мекенде құтылғысы келгенін жасырмады.
“Мен мұны өзім үшін, денсаулығым үшін істедім. Уақыт өте келе танымалдықтан да шаршайсың, мен өз ісімді жақсы көремін және қайта ораламын. Ал қазір маған үзіліс керек”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін шетелге көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова елге қайтқысы келетінін жеткізгені хабарланған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?