Денис Теннің өлімі: Сотта күдіктіге жедел жәрдем шақырды
Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовқа сот кезінде жедел жәрдем шақырды. Күдікті ішінің ауырып тұрғанын айтып, жауап беруден бас тартты.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сот төрешісі жедел жәрдем қызметін шақыруды сұрады. Медициналық қызметкерлер күдіктіге созылмалы гастрит диагнозын қойды.
“Күдікті бір тәулік тамақ ішпеген. Кешкілік тек күріш жеді. Гастроэнтерологқа қаралуы тиіс. Қан қысымы тұрақты болды”, – деді фельдшер.
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін сотта күдікті Құдайбергенов пен Толыбаева жауап берді.
Құдайбергенов қайтыс болған спортшының анасы Оксана Теннен, бүкіл қазақстандықтардан кешірім сұрады. Толыбаева оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”