Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесін қоқыспен бірге өртеп жіберген: Алматы облысында ер адамды қатыгездікпен өлтірген

Алматы облысында ер адамды өлтіріп, өртеп жіберген. Оқиғаға қатысты үш адам күдікке ілініп, екеуі тұтқындалған. Алайда үшіншісі қашып кетіп, мемлекетаралық іздеу жарияланыпты. Бүгінде полиция ер адамды тұқтқындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Денесін қоқыспен бірге өртеп жіберген: Алматы облысында ер адамды қатыгездікпен өлтірген

Полиция мәліметінше, 2018 жылдың желтоқсан айында Қарабұлақ аулының шетінен Талғар ауданының 35 жастағы тұрғынының жартылай өртенген денесі табылған. Сараптама нәтижесінде ер адамның пышақ жарақатынан көз жұмғаны анықталыпты. 

Белгілі болғандай, қылмыс 29 желтоқсанда төрт азамат ішімдік ішіп отырған кезде орын алған. Күдіктілер ер адамды өлтіргеннен кейін, оның денесін арбаға салып, ауыл шетіне алып барып, тұрмыстық қоқыспен бірге өртеп жіберген. 

Талғар аудандық полициясы оқиғаға қатысы бар үш күдіктіні анықтап, екеуін тұтқындады. Ал үшіншісі қашып кеткеннен кейін, оған мемлекетаралық іздеу жариялаған. 

«Іздестірілген ер адам туралы мәлімет барлық полиция бөлімшесін таратылып, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланды. Қабылданған шаралар нәтижесінде, таяуда күдікті Алматыда тұтқындалды. Қазіргі уақытта ер адам Талғар аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, қамауға алынды», - дейді облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Мұрат Үрімханов. 

Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау