Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Денені түршіктірді": Қобыздың даусын салған қызылордалық қыз елді таңдай қақтырды (видео)

18 жастағы Құралай Мейрамбек "Қазақстан дауысы" жобасында "Қорқыт қобыз" әнін орындап, 4 тәлімгерді өзіне қаратты. Қобыздың даусын салған қызылордалық ару тәлімгерлердің денесін түршіктіріп, елді таңдай қақтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құралай ән айтқан сәтте тәлімгерлер өз эмоцияларын жасыра алмады. Әрқайсысы Құралайдың өнерін жоғары бағалап, өз тобына шақырды. Өз кезегінде қызылордалық жас әнші Сәкен Майғазиевті таңдады. 

Ал Құралайдың ән айтқан сәті аз күнде 300 мыңнан аса қаралым жинап, YouTube-та трендке шықты. 

Бұдан кейін Құралай Ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болып үлгерді. Ол өзі жайлы сұхбат беріп, 5 жасынан бастап ән айтып жүргенін жеткізді. 

Эфир барысында "Қорқыт қобыз" әнінің авторы Рамазан Тайманов жас әншіге ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. 



"Жастайымнан халық аспаптарын тыңдап өстім. Ата-анам музыканттар. Сол құлағыма сіңіп қалған шығар. 

Қобыздың даусын салу идеясы туған жездемдікі. Модуляцияда көтеріліп, кіріспесін бастауға сол кісі көмектесті", – дейді Құралай Мейрамбек.

Ол неліктен Майғазиевті тәлімгер ретінде таңдағанын түсіндірді. 

"Сәкен ағаның қазақ деп соққан жүрегі, қазаққа деген махаббаты маған жақын болғандықтан, таңдауым солай болды. Бірақ 4 тәлімгердің өнерін бағалаймын. Мүмкіншілік болса, төртеуін де таңдар едім", – деді ол.

Әннің алғашқы орындаушысы Гүлнұр Оразымбетова эфирде жерлесіне қазақи нақыштағы алқа сыйлады. 

"2000 жылы "Жас қанат" байқауында қазылар алқасының 19 мүшесі орындарынан тұрып кеткен болатын. Сол сәт "Қазақстан дауысы" жобасында қайталанып тұр ғой", – деді Оразымбетова.
 

Талқылау