"Демеу Жадыраевтің жеңісі әлі де күресуіме болатынын көрсетті": Елдос Сметов спорттан әлі қол үзбейтінін айтты
Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Демеу Жадыраевтың жеңісі мотивациясын қайта оятқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы 35 жастағы Демеу Жадыраевтің жеңісінен кейін спортпен қош айтыспайтынын айтып, керісінше қайта мотивациясы ашылғанын мәлімдеді.
“Шыны керек, Демеу Жадыраевтің жеңісі маған үлкен мотивация сыйлады. Әлі де күресуге болады екен ғой деген ой салды. Лос-Анджелестегі олимпиада қарсаңында менде 35 жаста болады екенмін. Демеудің жеңісінен кейін татамиде әлі де өнер көрсететінім туралы шешім қабылдадым. Әлі де күрескім келеді. Спортқа деген махаббатымыз әлі басылған жоқ. Олимпиада ойындарын ұтқан балуандардың артында аты-жөні сары жазумен (олимпиада чемпионы дегенді білдіреді) жазылып тұрады. Бұл сары жазуы бар кимононы келесі олимпиада ойындарына дейін таға аласың. Елімізде олимпиада чемпионы бар екенін әлемге көрсету керек. Одан бөлек, менің спортта жүруім жастарға үлкен мотивация болатыны анық” – деді Сметов.
Айта кетейік, Елдос Сметов Париж олимпиадасында 60 келі салмақта топ жарып, дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы және үш олимпиада жүлде алған алғашқы қазақ атанған еді.