Демалыс күндері Қазақстанның кей бөлігінде күн +22 градусқа дейін жылынады
29-31 қазанда Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +22 градусқа дейін жылынады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Қазан айында Қазақстандағы ауа райына әсер еткен солтүстіктен келген суық ауа ағынын біртіндеп оңтүстік-батыстан келген жылы ағын ығыстыруда. Сондықтан алдағы үш тәулікте республикада ауа температурасы көтеріледі деп болжанған. Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстік аймақтарында жауын-шашын болады, ал оңтүстікте кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтілуде.
Ауа температурасы орташа көпжылдық деңгейге жуық және одан жоғары болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күндізгі температура 17-22º жылынады деп күтілуде»,- делінген хабарламада.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанның қай қала тұрғындары ең жомарт жандар?
Қызын аяусыз ұрған павлодарлық әйел не себепті мұндай әрекетке барғанын айтты
Роза Рымбаева барлық туысына Алматыдан пәтер алып берген
Елімізде алғаш рет күйзелістен арылу бөлмесі ашылды (видео)