Демалыс күндері ел аумағында күн суытады
Қазақстандық синоптиктер 19-21 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, есепті кезең ішінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай, бұршақ, екпінді жел, орталықта, елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
"Республиканың батыс өңірлері ғана антициклон жотасының ықпалында болады, жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында түнде ауа температурасы 5-13, күндіз 12-20 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 10-18, күндіз 18-27 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде", – делінген хабарламада.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"