Астана университеттері ҰҚШҰ саммиті кезінде онлайн оқиды
2024 жылы 26 қарашада Ғылым және жоғары білім министрлігі Астанадағы кейбір жоғары оқу орындарында білім беру форматының өзгеретінін мәлімдеді. Оған себеп – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, елордадағы жоғары оқу орындарында 27-28 қарашада оқыту форматы келесідей болады:
- 4 университет қашықтан оқыту форматына көшеді;
- 2 университет ішінара қашықтықтан жұмыс істейді;
- 2 университет демалысқа шығады (1-ші триместр);
- 5 университет офлайн режимінде білім беруді жалғастырады.
"Шешімдерді университеттер өздерінің академиялық саясаттарына сәйкес дербес қабылдайды", – деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі Астанада көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын айтқан еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен