Декольте кигені үшін бойжеткенді ұшаққа кіргізбей қойды
Оңтүстік Флориданың 21 жастағы тұрғыны Бренда Spirit Airlines әуекомпаниясын ұшаққа кіргізбегені үшін айыптады. Ұшаққа бойжеткенді жағасы ашық көйлек кигені үшін кіргізбеген.
Өзінің айтуынша, ұшақ қызметкерлері оның мас әлде сау екенін тексерген. Бойжеткен алкоголь ішпегенін айтқан.
Жолсеріктің бірі оған кеудесінің тым ашық екенін айтып, жауып отыруын өтінген. Кейін шығарда да пальто жамылып шығуын сұраған.
Әуекомпанияның өкілі Пол Берри рейстен бекерге ешкімді түсірмейтінін, егер солай жасаған болса, оның нақты себебі болғанын алға тартты.
Мәліметтерге сүйенсек, өзге жолаушылар Бренданың жағына шығып, ұшақ қызметкерлерінің әрекеті дұрыс еместігін айтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Баланы көтеріп жүрудің жаңа әдісі табылды
Пәкістанық бала көзін шарасынан шығарып елді таңғалдырды (видео)
106-ға келген әжей алғаш рет тұрмысқа шықты (фото)
Дәрігерлер ота жасап әйелдің басынан тірі тарақанды шығарып алды (видео)
Талқылау