"Декларацияңыздың мерзімі өтіп кетті": Қазақстандықтарға тағы бір алаяқтықтың түрі туралы ескерту жасалды

Фото: Ru.freepik.com
Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін мемлекеттік қызметкерлері ретінде таныстырады және оның салық декларациясын уақытында тапсырмағанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаскөйлер адамдарды есепшоттары бұғатталады деп қорқытып, үш күн ішінде бұл мәселені шешуге уақыт береді.
Жеке тұлғаны “растау керек” деген желеумен олар SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Осылайша, алаяқтар азаматтардың банк шоттарын алып, ақшаларын ұрлайды.
Полиция мынаны ескертеді:
- Мемлекеттік органдар мұндай хабарламалармен қоңырау шалмайды және растау үшін код сұрамайды;
- SMS кодтарды, құпиясөздерді, банк картасының деректерін және басқа да жеке ақпаратты ешкімге айтпаңыз;
- Алаяқ хабарласқан жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, “102” нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды