Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даяшыны құлатып, аяқ киімін шешіп алған: Тойдағы ойын көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы тойлардың бірінде болды делінген видео кеңінен талқыланып жатыр. Видеодан бірнеше адамның даяшыны жерге құлатып, аяқ киімдерін шешіп алғанын көруге болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, тойда асаба ойын ойнатып, байқауға қатысушыларға әзіл ретінде "даяшының аяқ киімін алып келу" тапсырмасын берген көрінеді. 

Куәгерлердің айтуынша, байқауға қатысушылар даяшы қыздың аяқ киімін өзінің рұқсатынсыз, күш қолдану арқылы шешіп алған. Видеодан даяшының жерге құлап, абдырап қалғанын анық көруге болады. 


"110 мың теңгенің орны": Алматыда бойжеткен шетелдікті бейтаныс тойға апарып тегін тамақтанып, көңіл көтерген

2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды


Оқиғаның видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік мұндай “ойындардың” адамдық қадір-қасиет шекарасынан асып кететінін және қызмет көрсетушілерге құрметсіздік таныту екенін жарыса жазды. Кейбір желі қолданушылары даяшының аяқ киімін шешіп алған қонақтарды жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Әзірге шараны ұйымдастырушылар немесе полиция оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада мас еркек тойда өнер көрсеткен бишінің қолынан сүйреп, итеріп жібергені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Ақпан, 2026 21:39