Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен босатылды

Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы шешім ұйымның атқарушы комитетінің отырысында қабылданған.

Отырыс нәтижесінде 11 атқарушы комитет мүшесінің алтауы Давид Лорияны қызметінен босатуға дауыс берген. Осылайша, бас хатшының өкілеттігін тоқтату туралы шешім ең аз көпшілік дауыспен қабылданған.

Айта кетейік, атқарушы комитет құрамына ҚФФ президенті Марат Омаров, сондай-ақ белгілі кәсіпкерлер Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Қайрат Боранбаев, Қайрат Оразбеков және футбол саласынан бірнеше адам кіреді.

Бұл шешім Қазақстан футболы үшін өте маңызды, себебі ҚФФ жарғысына сәйкес федерацияның бас хатшысы көптеген мәселелерді қадағалайды және қол қою құқығына ие.

Давид Лория – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, UEFA MIP бағдарламасының түлегі. Ол Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы лауазымына 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалған еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 22:28