Давид Дегтяров үш дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді

11-18 қазан аралығында Мысыр астанасы Каир қаласында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар керемет нәтиже көрсетуде. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсекеде 54 келі салмақта ел намысын қорғаған Давид Дегтярев үш мүмкіндігінде жалпы 567 келіні сәтті еңсеріп, алтын медаль жеңіп алды. Бұған қоса ол үшінші талпынысында 191 келіні бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осылайша, Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Қазақстандық спортшылардың жеңісті жолын қыздар да жалғастырды. 50 келі салмақта сынға түскен Фариза Толжан 285 келіні, ал 73 келіде бақ сынаған Раушан Қойшыбаева 330 келіні бағындырып, екеуі де әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар, 88 келі салмақта Рахметжан Хамаев үш мүмкіндігін де ұтымды пайдаланып, күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Каирдегі дүбірлі додаға 70 елден 500 спортшы жүлделер жиынтығын сарапқа салуда.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

