Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов өзін атағы жер жарған Джеки Чанға теңеді

«Гламур для дур» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Дәурен Айдарқұлов түсірілім жұмыстары кезінде басынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті. Актер суға тұншығып қала жаздағанын әңгімелеп берді. Сол сияқты қиын көріністердің бірінде каскадерден бас тартқанын айтып берді.

джеки даурен

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

 

«Бір көріністе менің орныма каскадер қоюды ұсынды. Сол сәтте Джеки Чанды еске алдым. «Одан қай жерім кем?» деп ойладым. Ол эпизодта көліктің жүксалғышынан ұсталынып тұрдым, ал көлік қаланың ішімен жүріп отырды. Менің ұшып кетуім мүмкін еді. Бірақ шыдадым.

Тағы бір көріністе суға тұншығып қала жаздадым. Өйткені судың астында қимылсыз жатуым керек болды. Түсірілім болса жүріп жатыр. Су құлақтан да, мұрыннан да кірген. Ал сен түсірілімнің әлі жалғасып жатқанын түсінгендіктен ештеңе істей алмайсың», – дейді актер.

Жіберіп алмаңыз:

Марат Омаров екі әйелінен туған балалары туралы айтып берді

Бүркіт пен Айша балалар үйіне жаңа жыл кешін ұйымдастырып берді (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы туған күнін 90-жылдардың стилінде атап өтті (фото, видео)

Ділназ Ахмадиева Батырхан Шүкеновті келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады (видео)

Талқылау