Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов кино үшін ер адаммен сүйіскенін айтты

Нағимуша енді вайнерлікті қойып, актерлық мансабын бастап кетпек. Себебі, Асқар Бисембин оны үлкен киноға алып келді. Режиссер,  Дәурен Айдарқұловты да өзге қырынан танытты. Бірақ, серіге ол үшін біраз тер төгуге тура келген. Тіпті, ер жігітпен сүйісуден де бас тартпапты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Фильм хақындағы фильм! «Больше, чем кино» картинасының идеясы да, сценарийі де Асқар Бисембиннің өзіне тиесілі. Қазанында қайнаған саланың «ас үйін» ол басты кейіпкерлердің махаббаты арқылы көрсеткен.

Режиссер актерлық құрамды іріктемес бұрын – ақ, әр кейіпкердің кімге бұйырарын білген.

“Тек қана вайнер сияқты мені шақырды. Өйткені менің оқырмандарым өте көп. Ал, мені сосын камераның алдында көрген кезде, маған өзі режиссер шындығын айтты. Ойламаппын, солай ойнай алады екенсің, – деп айтты маған”, – дейді вайнер Нағима Ахметова.

Режиссер Дәурен Айдарқұловтың да өзге қырын аша алғанына разы. Актерға Данияр Алшыновпен сүйісетін сахналар бары айтылғанда да, еш ойланбайстан рөлді сомдауға келісім берген.

“Енді кино ғой, сценарий. Біз әшейінде достарымызбен амандасқан кезде сүйісе береміз”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.

«Больше, чем кино» командасы комедияның тұсауын кесіп, өнердегі тұлғаларға арнайы көрсетілім ұйымдастырды.

“Үнемі коммерческий жағын ойлайды ғой. Бізде художественный, творческий жағын ойламайды. Ал, бүгінгі Бисембиннің жасағаны таза творчество үшін, киноға бір жаңалық алып келу үшін жасаған дүниесі деп білдім”, – дейді актер Қайрат Әділгерей.

“Бұл бір біздің киноөндірісте жаңа жанр, тың идея. Оның өте сапалы шыққаны қуантады”, – дейді режиссер Нұртас Адамбай.

Ал, отандық прокатқа 23-ші қарашадан бастап жол тартатын болады.

Басында актерлермен бірге фильмде бой көрсеткен Асқар Бисембин, кейін өзі ойнаған эпизодтарды мүлде қиып тастаған. Есесіне, студенттік шақта мансабын актерлықтан бастаған әріптесі Сатаев, артылған үмітті ақтап шықты.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал нумеролог: Қайрат пен Жұлдыздың дуэт айтатынын болжаған едім

Алтынай Жорабаева: Сәбит 1 жылдан бері қыздарын іздеп келген емес

Жеңісхан: Қазақстандағы той әншілерінің түрі қартайғаны болмаса өнері сол 5 жыл бұрынғы

Мейрамбек Бесбаевпен бірге «Алғашқы махаббат» картинасына түскен ару қазір қайда жүр?

Талқылау