Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәулет Тұрлыханов Азия күрес одағының президенті қызметінен кетті

Дәулет Тұрлыханов Иорданиядағы сайлау қорытындысы бойынша Азия күрес одағының президенті қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Дәулет Тұрлыхановтың Instagram желісінен

Дауыс беру қорытындысы бойынша, иорданиялық Мұхаммед Әл-Авамала үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Ол 38 дауыстың ішінен 34-ін жинады.

Осылайша, соңғы жылдары Одақтың президенті қызметін атқарған қазақстандық Дәулет Тұрлыхановтың басшылығы аяқталды. Әл-Авамала ұйымды 2028 жылға дейін басқарады.



Дәулет Тұрлыханов – 1989 жылғы әлем чемпионы және 1993 жылғы әлем вице-чемпионы, Еуропа (1988) және Азия (1995) чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы.

Талқылау