Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауыл соғады: Еліміздің үш өңіріне дауылдық ескерту жарияланды

Алдағы күндегі ауа райына байланысты еліміздің үш өңіріне дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дауыл соғады: Еліміздің үш өңіріне дауылдық ескерту жарияланды

6 тамызда түстен кейін Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Бұл күндері күндіз кей жерлерінде 41-43 градусқа дейін қатты ыстық болады. Дауылдың болу ықтималдығы - 90-95%.

6 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, оңтүстік-шығыстан батыс бағытқа 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді. Кей жерде бұршақ жауады. Қостанай қаласында 6 тамызда түстен кейін оңтүстік-шығыстан батыс бағытқа екпіні 18 м/с болатын жел күшейеді.

Дауылдың болу ықтималдығы -  90-95%.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 42°С қатты ыстық күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

 

Талқылау