"Дастархан жайып, самаурын қайнатты": Тамара Асар күйеуінің зауытында қызмет етіп, көпшілікті сүйсінтті
Танымал әнші Тамара Асар жолдасының зауытында қазан көтеріп, дастархан жайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі "Астық" зауытында ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне қатысты.
“Астық” элеватор жабдықтар зауыты қара жұмыстың қазанында қайнаған қарапайым жұмысшыларға арналған Наурыз мейрамын өткізді. Тілі бөлек болса да, тілегі бір, діні бөлек болса да, еңбектегі жүрегі бір жұмысшыларға Қыдыр Ата батасын беріп, киіз үй тігіліп, қазан көтеріліп, дастархан жайылып, самаурын қайнатып, наурыз көже, қуырдақ, шелпек, бауырсақ пісіріп, тәттілер таратып, бағалы сыйлықтар беріліп, лотерея ойнатылып, арқан тартыс, гир көтеріп мәре-сәре болды. Біз бүгін баларымызбен бәріміз жұмысшыларға қызмет жасадық", – деп жазды әнші.
-
"Жолдасым идея ұсынды": Тамара Асар жеке кәсібіне қатысты жаңалықты бөлісті
-
"Жастық шағының күшін арнады": Тамара Асар күйеуін жеңісімен құттықтады
Желі қолданушылары зауыт ұжымына тамақ жасаған әншінің еңбегін жоғары бағалап, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Жолдасыңыз керемет басшы екені көрініп тұр”, “Ұжымдастар бір үйдің баласындай тату”, "Атыңыз жер жарған атақты әнші болсаңыз да, Тамара ханым, үнемі уақыт бөліп, жолдасыңыздың мәртебесін көтеріп жүресіз!", "Маңғыстаудың қазақылығын насихаттап жүргенің керемет", "Ұлттық дәстүрді ұлықтаған отбасыға мың алғыс", – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Тамара Асар студент күнінде мектептің еденін жуғанын айтқан еді.