Дастан Сәтпаев жарақат алып, Қазақстан құрамасынан шет қалды

Фото: instagram.com/d.satpayev
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы іріктеу ойындары алдында кадрлық шығынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды.
Белгілі болғандай, жас форвард шап жарақатына байланысты ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына келмеген. Осылайша ол 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қазан айындағы матчтарды өткізіп алады.
Сәтпаев соңғы рет 5 қазанда Премьер-лигадағы кейінге қалған ойында "Жетісуға" қарсы толық 90 минут ойнап шыққан болатын. Кездесу "Қайраттың" ірі жеңісімен – 5:0 есебімен аяқталды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы қазан айында екі маңызды кездесу өткізеді: 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнмен, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен ойнайды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

