Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев алдағы ойындарға қатыспайды

Дастан СәтпаевФото:Kff.kz

Алматылық "Қайрат" футбол клубының жас ойыншысы Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы ойындарына қатыспайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі kff.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболшы медициналық тексерістен өткен соң, дәрігерлер оның жарақатына байланысты уақытша алаңға шықпағаны жөн деген шешімге келді. Сол себепті ұлттық құраманың бапкерлік штабы мен медициналық қызметкерлері Сәтпаевқа уақытша демалыс беруді ұйғарды.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев — Англияның әйгілі "Челси" клубына шақырту алған талантты жас футболшы. Ол 18 жасқа толған соң, ресми түрде лондондық клуб сапында доп тебеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы өтетін ойындарға шақырылған футболшылар тізімі жарияланған еді. 10 қазанда құрамамыз өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы матч өткізеді.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 20:17
Талқылау