Дәріханаларда тегін дәрілердің бар-жоғын қалай білуге болады
Ендігі диспансерлік пациенттер тегін берілетін дәрі-дәрмектердің дәріханаларда бар-жоғын, олардың қашан жеткізілетінін, мемлекеттік сатып алудың жүргізілгенін, не жүргізілмегенін ендігіде онлайн режімде көріп отыра алады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Stan.kz.
Онлайн режімдегі ақпаратты Бірыңғай дистрибьютор сайтының «2018 жылға АДҚ бойынша ақпарат» бөлімінен мына сілтеме бойынша: https://www.sk-pharmacy.kz/rus/press-centr/zakup_ls_i_imn_na_2018_god_rus/ табуға болатыны мәлімденді. Пациенттер «СҚ-Фармация» сайтының арнайы құрылған бөлімінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрі-дәрмекті сатып алу жағдайы туралы және дәрі-дәрмекті тегін рецепт бойынша босататын дәріхана ұйымдарында оның бар-жоғына қатысты барлық ақпартты таба алады.
«Пациенттер үшін өздерінің аймағында қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоғын және оның дәріханаға келген-келмегенін білу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан, бұл деректерді ашық жариялау туралы шешім қабылданды», – дейді Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханова.
Сондай-ақ көрсетілген шұғыл байланыс телефондарына қоңырау шалу арқылы қажетті препараттың белгілі бір өңірге қашан жөнелтілетіні туралы ақпаратты алуға болады.
Оқи отырыңыз:
Теміртауда 1 жарым жасар сәбидің өліміне дәрігерлердің немқұрайлығы себеп болған
Қарағандыдағы кішкентай қыздың өліміне дәрігерлер кінәлі болып шықты
Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қыздарға ескерту жасап жүрген азамат өз әрекетін түсіндірді
Іздеуде жүрген 17 жастағы қыз Алматыдағы жезөкшелер үйінен табылды