Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ұзақ өмір сүруге әсер ететін маңызды факторды атады

Фото: PeopleImages 

Дәрігерлер ұзақ өмір сүрудің ең маңызды факторын атады. Мамандардың сөзінше, ұзақ өмір сүру үшін уақытылы ұйықтау маңызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UfaTime.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресейлік дәрігерлердің айтуынша, ұйқысыздық адам өмірін қысқартады. Бұл фактор денсаулыққа тигізетін зияны жағынан темекі шегуден ғана кем, ал қалған қауіп-қатерлерден асып түседі.


Ер адам 20 келі салмақ тастап, арықтаудың құпиясын бөлісті


"Темірдің ағзаға сіңуіне кедергі жасайды": Диетолог шайды қай кезде ішкен дұрыс болатынын айтты


Зерттеушілердің пікірінше, дұрыс әрі жеткілікті ұйықтау адамның өмір сүру ұзақтығына тамақтану тәртібіне, физикалық белсенділікке және әлеуметтік байланыстарға қарағанда әлдеқайда көбірек әсер етеді.

Дәрігерлер созылмалы ұйқы жетіспеушілігі жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер етіп, иммунитетті әлсірететінін айтты. Сондай-ақ ойлау қабілетін төмендетеді дейді. Мамандардың сөзінше, жеткілікті ұйқы ерте қартаюдың алдын алады. 

Айта кетейік, бұған дейін Маман миды жасартуға көмектесетін әдетті атағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 20 Желтоқсан, 2025 20:00