Дәрігерлер суға батып, 2 ай комада жатқан қыздың миын қалпына келтірді (фото, видео)
Арканзаста 2 жасар Иден Карлсон отбасылық бассейнге құлап кетіп, 15 минуттай жатып қалған. Дәрігерлер бүлдіршіннің жүрегін ояту үшін екі сағат күреседі. Ал қажетті нәтижеге қол жеткізген кезде мамандар қыздың ата-анасына оның миының қайта қалпына келместей болып жарақаттанғанын айтады.
Бір ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан қыз осы уақыт ішінде сыртқы әсерлердің ешбірін сезінбеген. Арнайы медициналық тексеру қыздың бас миының істен шығып қалғанын анықтайды. Оның ата-анасы Кристал мен Кейн баланы құтқарудың түрлі нұсқаларын іздестіре бастайды.
Ақыры олар Жаңа Орлеанда жұмыс істейтін дәрігер Харчпен байланысқан. 25 жыл бойы оттекті терапиямен айналысып келе жатқан маман қызды емдеуге шешім қабылдайды.
Әр күн сайын жоғарғы деңгейде оттегісі бар барокамераны 45 минуттан қызға салады. Бастапқыда қыз тітіркенуді сезініп, сосын қимылдап, ал 39 сеанстан кейін сөйлейтін және жүре алатын жағдайға жетеді.
Толыққанды бір айдан соң қызды тексерістен өткізіп, оның ми жұмысы қалпына келгені анықталады.
Дәрігерлер қызды тек терапия ғана емес, оның жасы да құтқарып қалғанын айтады. Дәл мұндай жағдайға түскен ересек адамның айығып кетуі екіталай екен.
Алайда бұл бәрібір айтарлықтай жараланған бас миының қайта қалыпты жағдайға оралуы алғаш рет кездесіп отырған оқиға.
Енді дәрігерлер оттекті терапия бойынша зерттеуді тереңдете түсуге ниеттеніп отыр.
Оқи отырыңыз:
ДАИШ әскерінен аман қалған тұрғындар паранжаларды өртеп, сақалын қырып жатыр (видео)
Жеткіншектер 32 жастағы жігіттің суға батып өлген сәтін видеоға түсіріп мазақ етті (видео)
Сауд Арабиясының патшасы өзгелерді ұрғаны үшін өз ұлын тұтқындауға бұйрық берді