Дәрігерлер пойыз астына түскен сәбидің екі аяғын денесіне қайта қосып берді
Үндістанның Карнатаки аймағында тұратын 2 жасар Мохаммед Салех анасымен бірге пойыз астына түсіп, аяғынан айырылып қалды. Апат кезінде оның анасы көз жұмды. Ал дәрігерлер сәбидің бөлініп кеткен аяғын дер кезінде мұзға қойып, сақтап қалған.
Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Дәрігер Прашанттың айтуынша, табылған кезде бала анасының қасында қансырап жатқан. Сәбидің бағына орай, темір жол қызметкерлері мен оқиға куәгерлері баланың бөлініп қалған дене бөліктерін мұзға қойып, дер кезінде сақтап қалған.
Алғашқы көмек көрсетілген соң-ақ, Мохаммед Керал штатындағы ауруханаға жеткізілген. Ондағы дәрігерлер тез арада ота жасап, нағыз ғажайыптың болатынын дәлелдеді.
Баланы құтқарған дәрігерлер оның есімін де білмеген, сондықтан әкесіне хабар бере алмапты. Оны құтқару үшін өздігінен шешім қабылдаған ақ халаттылар ақырында екі бірдей аяғын денесіне қайта қосып берген. Сонымен Үндістан тарихында алғаш рет дененің ажырап қалған бөліктері онымен қайта бітесіп кетті. Сондай-ақ, Мохаммед мұндай отаны бастан кешірген әлемдегі ең жас науқас болып тіркелді.
Міне, арада сегіз ай өткен соң Мохаммед дәрігерлердің алдына өз аяғымен келді. Бүгінде ол жүріп қана қоймай, жүгіре де алады. Баланың, тіпті, тері сезгіштігі қалыпқа келген. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай сирек кездеседі.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Үйін сатып, балаларын мектептен шығарып алған отбасы жер-жаһанды шарлап жүр (видео)
Арабияда медбикелер қауіпті инфекция жұқтырған сәбиді мазақ еткен (видео)
Лондонда 300-ге жуық жолаушы метроға шалбарсыз келген (видео)