Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер қостанайлық ардагердің денесінде 73 жыл бойы жүрген оқты алды

Қостанайлық соғыс ардагері ерекше операцияны бастан кешірді. Балтабай Қазиевтің денесінен 73 жыл боы жүрген соғыс оғы алынған. Қазір оның жасы 92-де. Ардагер өзін жақсы сезінеді.

зжзж

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Автоматшы болған Балтабай Қазиев 1944 жылы ауыр жарақат алады. Майдан дәрігерлері үш жыл бойы барынша тырысқанымен 7 оқтың бірін ала алмай қиналады. Ақыры қария 73 жыл бойы денесіндегі оқпен өмір сүрген.

Ақыры дәрігерлер Астанада операция жасап, сүйекке әбден кірігіп қалған оқты алып шығады. Алда тағы бір операция күтіп тұр. Ал денесінде 73 жыл бойы жүрген оқты дәрігерлер ардагерге естелік сыйлық ретінде беріпті.

ноно

Ардагер бастапқыда операцияға баруға қорқыпты, бірақ бақытқа орай бәрі сәтті өткен. Жақында ерлі-зайыпты Қазиевтер шаңырақ көтергендеріне 50 жыл толғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

ҰБТ: Апелляциялық шағымдардың жартысы дұрыс болып шықты

Студенттердің ұсталуына байланысты Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдады

Шымкентте Иегова куәгерлері облыстық мешіттің имамын өз қатарларына шақырған

Қостанайда ІІД полицейлерден таяқ жеген келіншекке миллион теңге төлеуге міндеттелді

Талқылау