Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер қателесіп әйелдің сау бүйрегін алып тастады

Дәрігерлер қателікпен науқастың сау мүшесін алып тастады. Қазір дәрігерге қатысты іс қаралып жатыр.

Дәрігерлер қателесіп әйелдің сау бүйрегін алып тастады

Оқиға 2016 жылы сәуір айында Флоридада болған. Науқас әйел омыртқасы зақымданып, ота жасатуы керек болған.  Хирург Рамон Васкез  науқастың арқасының төменгі жағын кесіп, жамбас қуысында ерекше затты көреді. Оны қатерлі жара деп ойлап, тез арада алып тастайды.

Бір айдан кейін алып тасталған заттың науқастың сау бүйрегі болғаны анықталды. Науқастың ағзасы ауырғандықтан үйрегі жамбасына қарай түсіп кеткен екен.

Енді дәрігерге айыппұл салмақ. Оны медициналық қызметіне айыруы мүмкін. Хирургтің адвокаты емхананың кінәлі екенін айтады. Дәрігерге бұл жайлы ескертпеген. Науқастың бүйрегінің төмендеп кеткені отаға дейінгі түскен томография кезінде белгілі болған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау